01.10.2015 ж. бастап "Майқайың ӘТҚЖ" филиалы ҚР ИДМ КИР және ӨБ ШЖҚ "КӘАҚҚ" Павлодар филиалы болып қайта аталды, Екібастұз ӘАҚЖ (92 адам), Майқайың ӘАҚЖ (36 адам) және Бозшакөл ӘАҚЖ (44 адам) штат саны қайта қаралды.
Филиалдың жедел бөлімшелерінің жауынгерлері қызмет көрсететін кәсіпорындарда болған апаттардың салдарын бірнеше рет жойды.
Павлодар филиалында еңбек дағдылары мен кәсібилігі ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құтқарушылар жұмыс істейді, оларға Урусбаевтар, Мубараковтар, Укеновтар, Решетняковтар, Дубровскийлер, Исиндер, Муштаевтар, Абуовтар, Оспановтар және басқалары жатады.