Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» № 219/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 19-1 - бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» № 219/28 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының
Шешіміне
Қосымша
_______________
Екібастұз қалалық мәслихатының
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 219/28 шешіміне
қосымша
Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ |
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер |
Есептік бірлік |
Орташа жылдық норма м3 |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері |
1 орын |
1,83 |
2 |
Қонақ үйлер, демалыс үйлері |
1 орын |
2,93 |
3 |
Балабақшалар, бөбекжайлар |
1 орын |
0,25 |
4 |
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері |
1 қызметкер |
1,71 |
5 |
Емханалар |
1 адам |
0,06 |
6 |
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері |
1 төсек-орын |
0,72 |
7 |
Мектептер |
1 оқушы |
0,06 |
8 |
Орта оқу орындары, жоғары оқу орындары |
1 оқушы |
0,26 |
9 |
Мейрамхана, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері |
1 отыру орны |
0,97 |
10 |
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар |
1 отыру орны |
2,11 |
11 |
Мұражайлар, көрмелер |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,04 |
12 |
Спорт, би және ойын залдары |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,36 |
13 |
Азық-түлік дүкендері |
сауда алаңы 1 м2 |
0,84 |
1 |
2 |
3 |
4 |
14 |
Өнеркәсіптік тауарлар дүкендері |
сауда алаңы 1 м2 |
0,4 |
15 |
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер |
сауда алаңы 1 м2 |
0,78 |
16 |
Азық-түлік тауарларының қоймалары |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,25 |
17 |
Өнеркәсіптік тауарлардың қоймалары |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,25 |
18 |
Тұрмыстық үйлер: тұрғындарға қызмет көрсету |
жалпы алаңы 1 м2 |
3,91 |
19 |
Вокзалдар, автовокзалдар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,44 |
20 |
Жағажайлар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,001 |
21 |
Дәріханалар |
сауда алаңы 1 м2 |
1,56 |
22 |
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС |
1 машина-орны |
0,88 |
23 |
Автошеберханалары |
1 жұмысшы |
3,89 |
24 |
Гараж кооперативтері |
1 гараж |
2,88 |
25 |
Шаштараздар, косметикалық салондар |
1 жұмыс орны |
0,84 |
26 |
Тігін ательесі, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары |
жалпы алаңы 1 м2 |
1,37 |
27 |
Моншалар, сауналар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,44 |
28 |
Жайлы үйлер |
1 тұрғын |
1,46 |
29 |
Жайлы емес үйлер |
1 тұрғын |
2,66 |