Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Шіл
30

Жоба. Екібастұз қаласының аудандық маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы қаулы

Жоба


Екібастұз қаласының аудандық маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы қаулы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабының 7-тармағына сәйкес, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұсынылған тізімін бекітсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

2020  жылғы «____» _________
№______
Екібастұз қаласы
әкімдігінің қаулысына қосымша


Екібастұз қаласының аудандық маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізімі

№ п/п

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы, километр

1

Екібастұз қаласы-Әуежай - Бесқауға –Мәшһүр Жүсіп кесенесі

79,7

2

МАЭС-1 – Басқамыс ауылы

62,8

3

МАЭС-1 – Тортүй – Тай ауылы

53,0

4

МАЭС-2 – Сарықамыс ауылы

24,9

5

Екібастұз қаласы- Атығай ауылы

9,0

6

Екібастұз қаласы–Батыр бақылау пункті

19,5