Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
2018 жылғы 21 ақпандағы Павлодар облысының әділет департаментінде «Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» Екібастұз қаласы әкімдігінің №5867 қаулысының тіркелуіне байланысты 2018 жылдың 12 наурыздан бастап қалалық қоғамдық көліктерде бір жол жүру 65 теңге көлемінде енгізілді.
Сонымен қатар бұдан ертеректе 2018 жылғы 15 ақпандағы Отарқа газетіне №7(1415), 2018 жылғы 15 ақпандағы «Голос Экибастуза» №7(3227) газетіне 2018 жылдың 1 наурыздан бастап қоғамдық жолаушылар көлігінде жолақы тарифін көтеру туралы жарияланған хабарландыруды жарамсыз деп санасын.